Коронавирус жұқтырғандар жайлы анонимді хабар таратылады

678

Saq bol мобилді қосымшасы іске қосылды. 

Коронавирус жұқтырғандар жайлы анонимді хабар таратылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар жайлы жасырын хабар тарататын Saqbol мобилді қосымшасы іске қосылғанын мәлімдеді. 

"Жиындарда қатысушының бірінен вирус анықталса, онда өзге қатысушыларға Saq bol мобильді қосымшасы арқылы анонимді хабарлама жолданады. Saq bol қосымшасын смартфонға жүктеп, шифрланған дерек берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді", – деді министр.

Бағдат Мусиннің сөзінше, мобильді қосымша инфекцияның таралуын азайтуға мүмкіндік береді.

"Барлық қазақстандықтарды Saq bol мобильді қосымшасын белсенді пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз жән қосымшада барлық жеке деректерді шифрланған етіп жасадық", – деді ол. 

Айта кетейік, Saq bol мобильді қосымшасы арқылы денсаулық сақтау министрлігінің алдағы іс-қимылынан хабардар болып, ұсынымдарымен танысып отыруға болады. Аталмыш мобильді қосымшаға i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сонымен қатар ел аумағындағы COVID-19 індетінің статистикалық сервисі біріктірілген.

Saq bol қосымшасын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әзірлеген. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу