banner

Коронавирустан 3 мыңға жуық адам қайтыс болды

1260

Жалған ақпарат таратқан адамдар жауапкершілікке тартылады.

Коронавирустан 3 мыңға жуық адам қайтыс болды

Әлем бойынша 88 400 адам коронавирус жұқтырған. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.

Оның дерегінше, коронавирустан 3 мыңға жуық адам көз жұмған. 42 800 адам дертінен құлан-таза жазылып шыққан.

Ералы Тоғжановтың сөзінше, коронавирустың алдын алу мемлекеттің ғана емес, әрбір отбасының жауапкершілігі.

"Бұл мемлекеттің ғана жауапкершілі емес, әр отбасының, әр мемлекеттік органның, жергілікті жердегі ұйымдардың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан оны толықтай сезінуіміз керек. Кейінгі кезде кейбір БАҚ немесе әлеуметтік желілер арқылы шындыққа мүлде сәйкес келмейтін ақпараттарды байқап отырмыз. Сырттан келген ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз", – деді үкімет басшысының орынбасары.

Оның сөзінше, короновирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан адамдар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Айта кетсек, соңғы күндері ауру Әзербайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катар елдерінде тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеше Қытайдан басқа елдерде жаңа коронавирусты бір күн ішінде 1160 адамның жұқтырғанын анықтады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу