Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өткен тәулікте қайтыс болған екі адамға қатысты мәлімет берді. Ақпаратқа сүйенсек, олардың коронавирус жұқтырғанға дейін де денсаулықтарында кінәрат болған.
"Дүниеден өткен бұл екі адам да денсаулықтары аса ауыр халде болды. Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды. Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған",– дейді денсаулық сақтау басқармасынан.