Коронавирустың 2 мыңнан аса ошағы бар – Сархат Бейсенова

822

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада індеттің 2 мыңнан аса ошағы барын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Коронавирустың 2 мыңнан аса ошағы бар – Сархат Бейсенова Фото: inbusiness.kz

Ол қалада індеттің 2 553 ошағы анықталғанын жеткізді. 

"Оның 1 724-і үйде, ұйымдар арасында – 829. Коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған 5 572 адам медициналық бақылауға алынды", - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, СОVID-19 вирусын жұқтырғандар арасында жасөспірімдер үлесі артқан.

"Барлық топ арасында ауру жұқтыру дерегінің өскені байқалады. Әсіресе, жасөспірімдер мен ересектер арасында ауру жұқтыру көрсеткіші 2 еседен асты. Сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі ересектер арасында – 79,7%, балалар арасында сырқаттанушылық деңгейі – 17,4%, жасөспірімдер арасында – 2,9%. 
Ауру жұқтырғандардың 28,9%-ы – 30-39 жастағы науқастар, ал 20,5%-ы – 18-29 жаста", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар ол қала тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе алуға кеңес берді.

"COVID-19 вирусын жеңу үшін еліміз бойынша тұрғындарға жаппай вакцина салынып жатыр. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді" - деді Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері елордада неге індет өршіп кеткенін түсіндірген еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу