Нұр-Сұлтанда індет неге өршіп кетті?

733

Сәуірде карантин талабын 736 адам бұзған. 

Нұр-Сұлтанда індет неге өршіп кетті?

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындар карантин талабын сақтамайтынын, коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғындар карантин талабын сақтамай жатыр. Салдарынан елордада COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі азаймай тұр.

"Олар адам көп жиналатын орындарға барып, маска тақпай жүр. Тағы бір себеп – үйдегі карантин талабын сақтамау. Яғни амбулаториядағы науқастар мен коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар талапты сақтамайды. Олар тыйым салуға қарамастан үйдегі карантин талабын сақтамай жүр. Мысалы, олар "Ashyq" жобасындағы нысандарға барған", - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сәуірде үйдегі карантин талабын бұзған 736 адам анықталғанын жеткізді. 

"Оның 299-ы науқас, 437-і коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар", - деп түйіндеді сөзін бас санитар дәрігер. 

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері елордада күніне 300-600 адам коронавирус жұқтырып жатқанын айтқан еді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 44 562 адам коронавирус жұқтырды, 38 175 науқас дертінен айықты.

Еліміз бойынша жалпы 3638 адам аурудан қайтыс болды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу