Корпоративтік әдепті бұзған "ҚазАгроҚаржы" АҚ қызметкерлері лауазымынан босатылды

917

Корпоративтік әдепті бұзған "ҚазАгроҚаржы" АҚ  қызметкерлері лауазымынан босатылды

2016  жылдың 15 желтоқсанында "ҚазАгроФинанс" АҚ қызметкерлерінің қатысуымен болған оқиғаға қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Тексеру барысында "ҚазАгроФинанс" АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен департамент директоры арасында болған аталмыш жанжал  лауазымдық және компанияның қызметіне байланысты емес жеке бас мәселесіне қатысты болғаны анықталды", – делінген таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ішкі қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша  "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның корпоративтік әдеп кодексі бұзылғаны анықталып, "ҚазАгроҚаржы" директорлар кеңесінің шешімімен аталған қызметкерлер басқарма төрағасының орынбасары қызметінен, басқарма төрағасының бұйрығымен департамент директоры қызметінен босатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу