Көрші елде электромобильдерге сұраныс күрт артты

Reuters агенттігінің жазуынша, бұл мәселе Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған украиналық шабуылдардың салдарынан туындаған.  

Көрші елде электромобильдерге сұраныс күрт артты Фото: Mariordo / Wikimedia

Осылайша, жанармай тапшылығы іргелес мемлекеттің жаппай электромобильдерге иек артуына себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайлық Geely және басқа да брендтердің көліктерін сатуға маманданған EN Cars автосалонының негізін қалаушы Евгений Забелиннің сөзінше, Мәскеуде қазір компания күніне орта есеппен 2-3 электромобиль сатып жатыр. Тиісінше, бірнеше апта бұрын айына небәрі 2-3 электр көлігі ғана сатылып келген.

– Жанармайға қатысты жағдай күрделене бастағаннан бері электромобильдерге сұраныс бірнеше есе өсті, – дейді ол.

Сарапшылар электр көліктеріне деген қызығушылық бюджеттік модельдер арасында да, премиум санатта да артып келе жатқанын жасырмайды.

"Автостат" талдау агенттігі мен Ресейдің Сауда министрлігінің дерегіне сәйкес, биылғы алғашқы 5 айда жаңа гибридті автокөліктердің сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 пайызға өсіп, шамамен 24,6 мың данаға жеткен.

Ал толықтай электр қуатымен жүретін көліктердің сатылымы 19 пайызға артып, 4 460 автомобильді құрады.

Мамандар мұндай өсімге жанармай нарығындағы тұрақсыздықпен қатар, көлік иелерінің пайдалану шығынын азайтуға деген ұмтылысы да әсер етіп отырғанын алға тартады.

Бұған дейін Ресейдің зиянды бензин өндіруге амалсыздан рұқсат бергенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу