Көрші елдерден шегіртке келмес үшін Қазақстан бақылауды күшейтеді

209

Жағдай вице-премьер Серік Жұманғариннің жіті бақылауында. 

Көрші елдерден шегіртке келмес үшін Қазақстан бақылауды күшейтеді Фото: freepik

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтары бұрынғысынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларының тиімділігінің төмендеуіне жол бермеу және Қазақстанда тұрақты фитосанитарлық жағдайды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясына шекаралық аумақта шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмас үшін шегірткелерге қарсы бақылауды күшейту қажеттігі туралы хат жолдады.

Жағдай вице-премьер Серік Жұманғариннің жіті бақылауында, Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және Ресейдің өнеркәсіп департаменті бірлескен қарсы шаралар әзірленуде.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен РФ Премьер-Министрінің орынбасары Дмитрий Патрушевтің, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Луттың шекарада шегірткенің таралу қаупіне қатысты келіссөздері нәтижесінде Ресей тарапынан шараларды күшейту туралы келісімге қол жеткізілді. 

Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарындағы қаупі жоғары аймақтардан ұшып келетін шегіртке үйірлерінің көші-қон жолдары Ақтөбе облысының Әйтекеби ауданы, сондай-ақ Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары өтеді.

18 маусымда Ақтөбе облысына Орынбор облысы маңынан шегіртке зиянкестерінің ұшуып келуі тіркелді. Осыған орай, Әйтеке би ауданында химиялық өңдеуге жоспарланған 307 мың гектар аумақтың қорғау шаралары күшейтіліп, 62 мың гектарында жұмыстар аяқталды. Қажет болған жағдайда қосымша техника жіберу мүмкіндігі бар.

Өңірге іс-қимылды үйлестіру үшін вице-министр Ермек Кенжеханұлы жіберілді. Әйтеке би ауданында Орынбор облысының вице-губернаторының қатысуымен шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша бірлескен жұмыс мәселелері бойынша жедел кеңес өтеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ұлытау өңірінде жұмыс сапарымен жүр, одан кейін жұмыс барысын бақылау үшін Ақтөбе облысына барады. 

Аумақтарда мониторингтік зерттеулер шаралары әлі де жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу