Енді ол әлемде тұңғыш рет алға сальто трюкін жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Чжунцин технологиялық компаниясы (EngineAI) ерекше жетістікті бағындырды.
Синьхуа агенттігі зерттеу тобы көптеген техникалық қиындықты жеңіп, сәтті нәтижеге қол жеткізгенін хабарлап отыр.
Негізінен роботтың алға сальто жасауы жүгіруден гөрі роботтың аппараттық әлеуетін және зерттеу тобының алгоритм күшін жақсы көрсете алады. Сонымен қатар, бұл роботтың жоғары жылдамдықтағы динамикалық мүмкіндіктері бар екенін дәлелдейді.
Еске салайық, Чжунцин PM01 роботы төрт ай бұрын адамның тік жүру қалпына (пішініне) ұқсас жүре бастаған болатын.
Артқа сальто жасаумен салыстырғанда, роботтың алға сальто жасауы күрделі саналады. Себебі, робот ауада болған кезде оның қалпын реттеп, инерцияны жеңіп, жерге түсу тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сенсорлар арқылы нақты уақытта қозғалыс траекториясын түзетуі қажет.
Бұған дейін Қытай роботтары мың бұрала билеп, сахнаның сәнін келтіргенін жазған едік.