Сондықтан, роботты құрастырушылар "оқуға" жіберу туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Қытайдың Цзянсу провинциясындағы робот компаниясы өзі әзірлеген "Сяотао" есімді роботты Ханчжоудағы Manycore Tech Inc компаниясына "оқушы" етті.
Роботтарға арналған виртуалды мектепте олар кеңістікті түсіну және өзара әрекеттесу сияқты тақырыптарды меңгереді. Бұған дейін роботтарды дәстүрлі оқыту құны тым жоғары саналып әрі тиімділігі төмен болған. Бірақ, Ханчжоу қаласындағы Manycore Tech Inc компаниясында жинақталған 362 миллионнан астам 3D модельдер роботтарды оқытуға арналған теңдессіз жоғары сапалы "оқу материалдарына" айналып отыр.
Робот-ми инженері Чжоу Чухань компьютерде роботқа әртүрлі пішіндегі есік тұтқаларын орнату, шкаф есіктерін басқаша құру, есіктердің ашылу механизмін кездейсоқ өзгерту сияқты сұрақтар қойып, жаңаша "тәрбиелеген".
Мектепке алғаш келген уақытта Сяотао роботының қабылдауы төмен болған. Десе де, жүйелі жаттығулардан соң ол кедергілерді еркін жеңіп, қозғалыс дәлдігін 90%-дан асырған.
Бүгінде Сяотао оқуын бітіріп, жұмысқа орналасты. Ол әуежайлар, пилотсыз дәріханалар, интеллектуалды сақтау орталықтары сценарийлеріндегі тапсырмаларды сәтті орындауға қауқарлы. Виртуалды мектеп роботтардың оқу тиімділігін ондаған есеге арттырып, ғылыми зерттеу, әзірлеу және өндіріс жылдамдығын жоғарылатып отыр.
Бұған дейін Қытай роботтарының мың бұрала билеп, сахнаның сәнін келтіргенін жазған едік.