Оларды ішкі қауіпсіздік қызметкерлері арнайы шара кезінде қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-патрульдік полиция батальонының қос инспекторы қала тұрғынынан ақша алған. Олар жолда жүру ережесін өрсекел бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпауға уәде берген. Бұл қызметін олар 40 мың теңгеге бағалапты. Қазір күдіктілердің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі қызметтік тексеру жұмыстары басталды.
Айта кету керек, тергеу қорытындысынан кейін ұсталғандардың командирлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.