Қошанов Мусинге ескерту жасады: Цифр қуалаудың керегі жоқ, нақты іске көшіңіз

971

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наталья Деменьтева шалғайдағы ауылдарда интернет сапасы нашар екенін мәселе ғып көтерді. Онда елді мекендер бойынша деректер келтірді. 

Қошанов Мусинге ескерту жасады: Цифр қуалаудың керегі жоқ, нақты іске көшіңіз

Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оның деректерімен келіспей, сандарға түзету айтты.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов министрдің жауабына қанағаттанбады, ескерту айтты.

"Бағдат Батырбекұлы, цифрларды қуалаудың қажеті жоқ. Депутат Деменьтева дұрыс айтты. Оның 250 адам дегенін 189 адам деп түзетіп жатырсыз. Негізі қанша болса да – ол біздің тұрғындар, қазақстандықтар. Олар интернетке қол жеткізу керек. Сондықтан цифр қуалағаннан гөрі нақты іске көшу керек. Екіншіден, алыс ауыл емес, елорда маңындағы ауылдарда да интернет жоқ. Оны толық білемін. Бұл жөнінде не істеу керек? Осы жағын да ойластырыңыз", – деді Қошанов.

Фото: abai.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу