Қошанов Тоқаевтың Мәскеудегі парадқа барғанына қатысты пікір білдірді

733

Ұлы Отан соғысына елімізден 1,2 млн адам қатысқан. 

Қошанов Тоқаевтың Мәскеудегі парадқа барғанына қатысты пікір білдірді Фото: akorda.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі парадқа барғанына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.  

Ерлан Қошанов 9 мамыр ортақ тарихи күн екенін атап өтті. 

"Мемлекет басшысы Жеңіс парадына қатысты. Бірінші күні Ржев қаласына барды. Ржев қаласы түбіндегі шайқаста 22 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Өлкеде олардың аты-жөні тасқа қашалып жазылған. Президент сол батырларымызға зиярат жасау үшін барды. Құран оқытты", - деді Ерлан Қошанов Мәжіліс кулуарында. 

Мәжіліс спикері ол жерде Мемлекет басшысының туған ағасы Қасым Болтаев жерленгенін айтты.

"Мұны дұрыс сапар деп есептеймін. Екінші дүниежүзілік соғыс, Ұлы жеңіс – ортақ тарихымыз. Бауырлас елдің басшыларының бәрі осы парадта болды. Бұл соғыста қаза тапқан ата-бабаларымызға деген құрмет. Мәселені саясаттандырудың қажеті жоқ", - деді ол.

Айта кету керек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу