Көшкін астында қалған екінші адамның денесі табылды

870

Оқиға орнында құтқарушылар тергеу тобын күтуде.

Көшкін астында қалған екінші адамның денесі табылды

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"Жалпы оқиға орнында 6 адам болды, 5 адам Франция азаматтары болып табылады және бір Қазақстан азаматы. 1 зардап шеккен азамат (Франция азаматы) құтқарылды, біреуі көшкін астында қалып – мерт болды, оны ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары мен кинолог ит тапты. Оқиға орнында құтқарушылар тергеу тобын күтуде", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бірінші құтқарылған азаматты ​​109-құтқару қызметінің құтқарушылары, ал екінші турист, Франция азаматының денесін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық бригадасы тапты.

Бұған дейін қар көшкіні астында қалғандар Франция азаматтары екені анықталған болатын. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу