Қар көшкіні астында қалғандар Франция азаматтары екені анықталды

1148

ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібеков бірінші табылған адамның жағдайы туралы айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Қар көшкіні астында қалғандар Франция азаматтары екені анықталды

"6 адам тау бөктеріне шыққан кезде беткейлерде сырғанап, көшкіннің жүруіне себеп болған. Олар Франция азаматтары. Бірінші табылған азамат иық жарақатын, жамбас жарақатын алған. Оқиға орнында жалпы 6 адам болған, 4 адам зардап шеккен жоқ, 1 адам зардап шеккен және шамамен 1 адам көшкін астында қалған", – деді спикер. 

Еске сала кетсек, Алматыдағы "Молодежный" шыңында көшкін жүріп, қар құрсауында 2 адам қалған еді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу