Қосшы мектебінде биыл бірінші сыныптар саны "Ш-ға" жетті

1157

Өткен жылы бірінші "Ы" сыныбын ашқан Лесная Полянадағы №2 орта мектепте биыл да бала саны көп. 

Қосшы мектебінде биыл бірінші сыныптар саны "Ш-ға" жетті

Білім ордасы 2022-2023 оқу жылы бірінші сыныпқа 700-ге жуық оқушы қабылдады, деп жазды inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, бұл мектепте алғашқы қоңырау іс-шарасына тек бірінші сынып оқушылары мен түлектер ғана қатысады. Қалған сыныптар баланың көптігіне байланысты класс сағатын өткізумен шектелді.

Биыл 1 200 орындық мектепте 3 ауысымда 5 мыңнан астам оқушы білім алмақ. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл мектепте екінші ауысымдағы оқушылар түстен кейін, яғни, сағат 15.40-19.30 аралығында білім алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу