Қостанай маңында жол апатынан 3 айлық сәби қаза тапты

165

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қостанай маңында жол апатынан 3 айлық сәби қаза тапты Фото: canva

Алматы-Екатеринбург халықаралық автожолында 27 ақпан күні адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 1993 жылы туған жүргізуші Audi көлігін басқарып, Қостанай бағытына қарай келе жатып қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан JAC автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Audi жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ 2025 жылы туған жолаушы есін жимастан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол үш айлық қыз бала болған. Тағы бір жолаушыны құтқарушылар мыжылған көліктен шығарып алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді. JAC көлігінде отырған екі адам жарақат алды.

Полицияның нақтылауынша, жол-көлік оқиғасы күндіз, көріну мүмкіндігі жақсы кезде болған. Жол жабынының аталған учаскесінде ақау болмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу