Қостанай облысында 3 көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты

148

Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады. 

Қостанай облысында 3 көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты Фото: alau.kz

"Қостанай – Алматы – Екатеринбург" автожолының Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылының маңында үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апат салдарынан "Lada Granta" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, "DAF" жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан учаскелерде жылдамдықты төмендетуге, барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", – делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу