Қаралы оқиға Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тіркеліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, баланың өліміне басы мен денесіне түскен көптеген жарақат себеп болған.
Аталған дерекке қатысты Әулиекөл аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті оқиға болған күні, яғни 26 қазанда ұсталған.
Қостанай облысының прокуратурасы қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады. Істің барысы облыстық прокуратураның бақылауында.
– Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі уақытта отбасының тиісті органдардың есебінде тұрған-тұрмағаны анықталып жатыр.
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бұған дейін өз ұлын пышақтап өлтірген қызылордалық 8 жылға сотталғанын жазған едік.