Қостанай облысында ер адам жол апатынан көз жұмды

388

Тағы төрт адам жарақат алған.

Қостанай облысында ер адам жол апатынан көз жұмды Фото: Pixabay.com

Қостанай облысында ер адам қарсы жолаққа шыққан көлік салдарынан жол апатына түсіп, қайтыс болды, деп жазады Inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 5 қыркүйек күні сағат 16.30 шамасында болған.

"Қостанай-Әулиекөл-Сурған тас жолының 205-ші шақырымында Шалғышы ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 1 адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes Benz жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Chevrolet Nexia көлігіне соқтығысқан. Салдарынан екінші көлік жүргізушісі оқиға болған жерде қаза тапты.

Полиция ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу