Қостанай облысында КамАЗ-бен соқтығысқан мотоциклші қаза тапты

220

Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.  

Қостанай облысында КамАЗ-бен соқтығысқан мотоциклші қаза тапты Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында ҚАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, автожолда "КамАЗ" көлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

– "КамАЗ" жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, – деді Аманжол Байзақов.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу