Қостанай облысында колледж қызметкерлеріне 200 мың теңге өтемақы қайтарылды

397

Прокуратура еңбек және санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтап, құқықтарды қалпына келтірді.  

Қостанай облысында колледж қызметкерлеріне 200 мың теңге өтемақы қайтарылды Фото: baq.kz

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында кәсіптік-техникалық колледждегі бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы аудан прокуратурасы мәлім етті.

Қадағалау шаралары барысында колледжде еңбек заңнамасы талаптарының сақталмағаны белгілі болған. Атап айтқанда, жұмыстан босатылған 8 қызметкерге пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері үшін жалпы сомасы 200 мың теңге көлемінде өтемақы есептелмеген және төленбеген.

Сонымен қатар практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстар өткізілетін бөлмелерде, медициналық кабинетте және асхана залында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталған.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде анықталған кемшіліктер жойылды. Колледждің 8 қызметкерінің құқықтары қалпына келтіріліп, тиісті ақшалай өтемақы төленді.

Бұдан бөлек, заң бұзушылықтарға жол берген колледждің 6 лауазымды тұлғасы әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының прокуратура органдары білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу