Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 275 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген

346

Бұл туралы Еңбек министрлігі мәлім етті.

Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 275 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген Фото: ortcom

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Қостанай облысында 583 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, оның ішінде 275 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген.

Қостанай облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 объектіні бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 объектінің 583-інде жергілікті атқарушы органдар тиісті іс-шаралар жүргізді.

ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда көрсетілген объектілердің ішінен 275 объектінің толық бейімделуі расталды, 354 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 1656 бұзушылық анықталды. Объектілердің меншік иелерімен бейімдеу жөніндегі іс-шараларды аяқтау үшін түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізілді. 2023 жылдың соңына дейін тағы 147 объектіні бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 76 тексеру жүргізілді. Барлық тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 49 ұйғарым берілді, 2,6 млн теңгеден астам сомаға 18 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана беріледі. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айыппұл салынады.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 объект сай келуі қажет. Ал биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 9 128 объект бейімделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу