Оқиға Қостанай – Қарабұтақ автожолының Валерьяновка кенті маңында болды. Chery Cowin мен Mazda 626 көліктері соқтығысқан.
Апат салдарынан Chery Cowin жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы мен Mazda 626 жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chery Cowin жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу