Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

500

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған республикалық маңызы бар тас жолында көлік апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты Фото: Қостанай облысы ПД

Оқиға 28 қазан күні таңертең Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Жусалы елді мекендерінің арасында болған.

59 жастағы TANK көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2112 көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде, ВАЗ көлігіндегі төрт адам оқиға орнында қайтыс болды, ал TANK көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу