Қостанай облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

1154

Төрт адам зардап шекті.  

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Қостанай облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанай облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бүгін таңғы сағат 05:30 шамасында Рудный-Қостанай автожолында 29 жастағы мас жүргізушісі BMW маркалы көлігін басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 31 жастағы жүргізуші басқарып отырған Audi автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан BMW жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Audi жүргізушісі мен бір жолаушысы сол жерде көз жұмып, тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Осы факті бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"BMW жүргізушісі Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдың басынан бері 1 400 жүргізуші мас күйде көлік айдаған. 87 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Оларға қатысты ҚР ҚК-ның 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу