Оқыс оқиға 16 желтоқсан күні болған. Полиция аталған іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсанда күндіз "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан.
Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу