Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

570

Екі жолаушы мен Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

20 қыркүйекте сағат 07.40-та республикалық маңызы бар Қостанай – Әулиекөл-Сұрған тас жолының 21-шақырымында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті. Салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ВАЗ-2107 жүргізушісі дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Екі жолаушы мен Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу