Алайда соңғы төрт айдан бері су құбырын тарту тоқтап тұр. Аудан әкімдігі ескі мердігермен арадағы келісімшартты бұзған. Енді қайта мердігерге конкурс жариялап, оның орнына жаңасын тағайындау келер жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігі Мәскеу ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялаған.
"Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Жоғарыда көрсетілген аумақта техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Данияр Кайратович тағайындалсын", – деп жазылған Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы N2 шешімінде.