Қостанай облысындағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді

309

Бұған себеп аяздың күшеюі.

Қостанай облысындағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді Фото: time.kz

Сәрсенбі, 31 қаңтарда Қостанай облысы Амангелді ауданында бірінші ауысымдағы нөлден төртінші сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтықтан оқытуға жіберілді.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, таңертең Амангелді ауданында ауа температурасы -26-ға дейін төмендеген.

Қатты аяз бастауыш сыныптар мен мектеп жасына дейінгі балалардың онлайн оқытуға көшуіне себеп болды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Наша газета"-ға сілтеме жасап.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу