Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша жедел ақпарат

683

Елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша жедел ақпарат

Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) қарауылдау ұйымдастырылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

"Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейді. Сағат 7:30 бастап өрт аумағына ұшу жұмыстары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шеккен: 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында.

Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

11 адам (халықтың 6 адамы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.

Зардап шеккендерге гуманитарлық көмектер жеткізіліп жатыр. Сондай-ақ қаржылай да көмек жиналуда. Өңірге Мемлекет басшысы барып, зардап шеккендермен кездесті, тікұшақпен өрт аумағын бақылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу