Қостанай облысында су басқан Қарамырза ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

537

Ауылда су тасқыны қаупі толығымен жойылды.

Қостанай облысында су басқан Қарамырза ауылының тұрғындары үйлеріне оралды Фото: zakon.kz

Қостанай облысының су басқан Қарамырза ауылының тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Төтеше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Қарамырза ауылында еріген қар суы барлық 35 үй мен аула аумағынан кетті. Барлық эвакуацияланған ауыл тұрғындары өз үйлеріне оралды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда ТЖД күштері мен құралдары Қостанай қаласындағы тұрақты орналасу орнына қайтарылғаны хабаранған.

Қостанай облысындағы Қарамырза ауылында бірқатар үйлерді су басқаны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу