Қостанайда жылдамдықты асырған 25 жастағы көлік жүргізушісі бір айда 1,5 млн теңге айыппұл арқалады, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.
Бір айда шетелдік есептегі "Ваз 2114" көлігі бар 25 жастағы тұрғын елу бір айыппұл алды. Олардың барлығы жылдамдықты асырумен байланысты болған.
Ресурстың жазуынша, 29 қыркүйек күні патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" мобильдік қосымшасының көмегімен құқық бұзушыны тоқтатқан.
"Көлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды. Жүргізушіде сақтандыру полисі мен техникалық тексеру құжаты болмаған, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.