Қостанайда аурухана қызметкеріне тағы да шабуыл жасалды

94

7 тамыз күні шамамен 12:30 кезінде қабылдау бөлімінде жанжал шыққан.   

Қостанайда аурухана қызметкеріне тағы да шабуыл жасалды Фото: mzdrav.kz

Қостанай облыстық ауруханасында келуші мен қабылдау бөлімінің қызметкері арасында оқыс жағдай тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сол сәтте келушілердің бірі тіркеушіге күш қолданған. Аталған оқиға бойынша тиісті құқық қорғау органдарына жедел түрде хабар берілді.

Аурухана әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл Қостанай облыстық ауруханасында тіркелген алғашқы жағдай емес. Бұған дейін аталған мекемеде хирург Кистановқа науқас шабуыл жасап, жарақат алған еді. Кейін дәрігер Астанадағы клиникаға емдеуге жіберілген. Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, пациент дәрігерден диагнозды нақтылауды сұрап келіп, агрессия көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу