Қостанайда бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда көз жұмды

392

Олардың қатарында балалар да бар.

Қостанайда бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда көз жұмды

Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты. Қайғылы оқиға "Қостанай-Введенка" тасжолында болған, деп хабарлайды Astana TV. 

"Мерседес" көлігін мінген 28 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ жеңіл көлігінде отырған 32 жастағы жүргізуші, 29 жастағы әйелі, 8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу