Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 16 қарашада сағат 21:10-да Складская көшесі, 6 мекенжайында ағаш паллеттер мен қойманың шатыры өртенген.
"Өрт ауданы 500 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр", - делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнына ТЖД (35 қызметкер, 10 техника бірлігі), полиция департаментінің (10 қызметкер, 3 техника бірлігі), ҚТЖ (3 адам, 1 техника бірлігі), "Қостанай-Су" МКК (1 адам, 1 техника бірлігі) күштері жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу