Қостанайда құтқарушылар газдан уланған 2 адамды аман алып қалды

166

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2002 және 2003 жылғы екі азамат тереңдігі шамамен 2 метр болатын гараждың жертөлесіне түсіп, өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Қостанайда құтқарушылар газдан уланған 2 адамды аман алып қалды Фото: Бейнежазбадан

Сол кезде 2001 жылғы үшінші азамат жоғарыға көтеріліп, 112 желісіне хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сығылған ауадағы аппараттарды пайдалана отырып, жерқоймаға түсіп, 2 ер адамды шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді, делінген хабарламада. 

Оқиға туралы хабарлаған үшінші адамды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары қарап, ауруханаға жеткізді. Тексеруден кейін ол өзін жақсы сезініп, үйіне оралды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға жұмыс істеп тұрған генератордан шыққан газдардың жиналуы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу