Жүргізуші құтқарушыларды көмекке шақырған, деп жазады inbusiness.kz "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.
Renault маркалы жүк көлігі Қостанай облысы Сарыкөл ауданының аумағында, Вишневка ауылынан 6 шақырым жерде қар құрсауында қалып қояды.
Сарыкөл ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына "КУНГ-Камаз" көлігімен жеткен. Сүйрету кабелінің көмегімен ауыр жүк көлігі жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, осыдан кейін көлік жоспарланған маршрут бойынша қозғалысын жалғастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу