Қостанайда медицина қызметкеріне қоқан-лоқы көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды

414

Полиция әлеуметтік желідегі видеода қорлау мен қоқан-лоқы жасау белгілері барын анықтады.  

Қостанайда медицина қызметкеріне қоқан-лоқы көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды Фото: kaz.inform.kz

Қостанайда медицина қызметкеріне қоқан-лоқы көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Бұл туралы полиция мәлім етті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сонымен қатар медицина қызметкерін қорлаған азамат қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның түсіндіруінше, қоқан-лоқы көрсету мен қорлау – құқықтық тұрғыдан екі түрлі құқық бұзушылық. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада адамның ар-намысына тиетін қорлау белгілерімен қатар, қоқан-лоқы жасау белгілері де байқалған. Осыған байланысты әр дерекке жеке құқықтық баға берілген.

Бұған дейін сот медицина қызметкерін қызметтік міндетін атқарып жүрген кезінде қорлаған ер адамға әкімшілік айыппұл салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу