Қостанайда мотоцикл жүргізушісі жарық бағанына соғылып көз жұмды

394

Жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен

Қостанайда мотоцикл жүргізушісі жарық бағанына соғылып көз жұмды Фото: google.com

Қостанайда Suzuki мотоциклінің жүргізушісі жолдан шығып кетіп, жарық бағанына соғылып қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz kstnews.kz порталына сілтеме жасап.

40 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Жол жиегінде ол жарық бағанына соғылған.

"Мотоцикл жүргізушісі алған жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Көліктегі жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлікті белгіленген жылдамдық шегінен асыра жүргізген. 

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу