Бүгін сағат 11:20-да Қостанай станциясында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автомобиль соқтығысқан. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға автомобиль жүргізушісінің теміржол арқылы өту ережелерін бұзуы себеп болған. Қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Осыдан бір апта бұрын Таразда да жантүршігерлік жол апаты болған еді. Көлік автобус пен жүк пойызы вагонының арасында қысылып қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу