Қостанайда полицейлер мен тұтқындағы азаматтар жол апатына түсті

406

Жол апаты 16 маусымда болды. 

Қостанайда полицейлер мен тұтқындағы азаматтар жол апатына түсті Фото: ng.kz

Қостанайда полиция көлігі жеңіл машинамен соқтығысып, аударылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметтік автокөлік сотқа бес адамды, яғни тергеумен қамауға алынғандарды апара жатқан.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Баймағамбетов көшесімен келе жатқан Jac қызметтік автокөлігі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Гоголь көшесімен қозғалып бара жатқан Chevrolet Cobalt автомашинасымен соқтығысты. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептері анықталып жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу