Қостанайда такси жүргізушісі пышақпен қорқытқан ер адамнан құтылу үшін полиция көлігіне әдейі соқтығысқан

807

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қостанайда такси жүргізушісі пышақпен қорқытқан ер адамнан құтылу үшін полиция көлігіне әдейі соқтығысқан Фото: видео скриншот

Қостанайда ер адам баратын жеріне жетіп алуы үшін такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан. Құтылмайтынын білген таксист полицейлердің назарын аудару үшін әдейілеп жол апатын ұйымдастырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған.

“Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, оны басқа елді мекенге жеткізсін деген. Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, назарын аудару үшін әдейі соқтығысқан. Осы сәтті пайдаланып, ол қауіпсіз қашықтыққа қашып кетті. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады”, – делінген хабарламада.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.  

"Тонауға оқталу" қылмыстық іс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство қақтығыс нәтижесінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді”, – деді Қостанай облысының полиция департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу