Қостанайлықтар көлік салығы бойынша 190 млн теңге қарыз

538

26 мамырдан бастап орындалмаған салық берешектері бойынша іс жеке сот орындаушыларына беріледі. 

Қостанайлықтар көлік салығы бойынша 190 млн теңге қарыз Фото: top-news.kz

Қостанай облысында 12 мыңнан астам тұрғынның көлік салығы бойынша 190 млн теңгеге берешегі бар, деп жазады inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

"Сот орындаушыларының уәкілетті органдарда тіркеу іс-әрекеттерін шектеуге, борышкердің елден тыс жерлерге шығуына, борышкерді қамауға алуға, көлік құралын айыппұл тұрағына қоюға, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға, банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым салуға құқығы бар. Жеке сот орындаушылары борыш сомасынан бөлек оның 25%-на дейінгі мөлшерінде қосымша төлем өндіріп алатынын еске саламыз", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Лисаков, Рудный, Сарыкөл, Федоров және Жітіқара аудандарында өткен жылдардағы берешекті төлемеген бес адам бір тәуліктен үш тәулікке дейін қамауға алынған.

"Рудный тұрғынына жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру шешім қабылданып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу