Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 21 адамға жетті

633

23 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 21 адамға жетті Фото: canva.com

Еске салайық, 28 қазан күні таңертең Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. Апат кезінде шахтада 252 адам болып, оның ішінде 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Одан соң қаза тапқандар саны 16 адамға жеткені хабарланды.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтып, "Арселор Миттал Теміртау" компаниясымен жұмысты тоқтатуға тапсырма берді.

Бас прокуратура Қарағанды шахтасындағы апатқа байланысты тергеуді бастады.

Апаттың себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу