Костенко шахтасындағы апат: Кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

133

10 адам қамауда отыр. 

Костенко шахтасындағы апат: Кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін Фото: ratel.kz

2023 жылдың қазан айында Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына  қатысты 106 томдық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізген.

Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің  жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды. 

"Көмір өндіру алаңындағы жарылыс, шоғырлануы рұқсат етілген стандарттардан айтарлықтай асып кеткен көмір шаңының жарылыстарының тізбекті реакциясын тудырып,  46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақаттанды. Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Барлығы қамауда. Оларға Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша ("Тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") айып тағылды", - делінген хабарламада.

Аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды.

Материалдар негізі бойынша қарау үшін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының аудандық сотына жіберілді.

Айта кету керек, осыған дейін Костенко шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу