Қосылған құн салығын арттыру мәселесі жан-жақты зерделенуі тиіс - сенатор

337

Шағын және орта бизнес саласындағы жүйелік проблема салық саясатының жетілдірілмеуі салдарынан болған. 

Қосылған құн салығын арттыру мәселесі жан-жақты зерделенуі тиіс - сенатор Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы сенатор Ләззат Рысбекова Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Бүгінгі таңда осы мәселе тұрғысынан кәсіпкерлер тарапынан бірқатар наразылық айтылып жатыр. Біріншіден, бұл қосылған құн салығына қатысты. Оның мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру ескерілген. Сол себепті ҚҚС мөлшерлемесін көтеру мәселесі жан-жақты зерделеуді, қазақстандық кәсіпкерлермен жан-жақты талқылауды қажет етеді", - деді депутат.

Ләззат Рысбекова бизнеске салық ауыртпалығын ұлғайтпас үшін балама нұсқалар қарастырылуы керек екенін баса айтты.

"Бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъектілерінің ұсақталып жатқанын көруге болады. Оның есебінен шағын кәсіпорындар саны айтарлықтай артып отыр. Кәсіпкерлер бұл тенденцияға ықпал ететін себептердің 80 пайызын қолданыстағы салық жүйесімен байланыстырады. Қалған 20 пайызы шағын кәсіпкерлікке айтарлықтай басымдық беретін мемлекеттік қолдау шаралы деп есептейді", - деді спикер.

Еске салайық, осыған дейін келесі жылдан бастап бизнеске салынатын айыппұл саны бірнеше есе азаятынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу