Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қосылған құн салығын төлеушілердің барлығы да электрондық шот-фактура жүйесіне енгізілген. Жүйеде 1 млн 200 мың салық төлеуші бар. Электрондық шот-фактура жүйесі арқылы салық төлеушінің атына жазылған шот-фактуралар қосылып, автоматты түрде есептеп береді. Яғни, жүйенің өзі шамамен 95 пайызға декларацияны құруға мүмкіндік береді. Салық төлеуші растаған жағдайда салық төлейді", – деді вице-министр.
Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты Дания Еспаева қосылған құн салығы мөлшерлемесін өзгерту мәселесінде артық салық қысымына жол бермеу керек екенін айтқанын жазғанбыз.