Көтерме сауданың жалпы көлемі бір жылда 10%-ға қысқарды

1055

Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Атырау облысы көтерме сауда көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. 

Көтерме сауданың жалпы көлемі бір жылда 10%-ға қысқарды

2020 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында көтерме саудамен айналысатындар 18,6 трлн теңгеге тауар сатқан. Finprom.kz басылымының дерегінше, бұл былтырғы көрсеткіштен 6,8%-ға аз.

Көтерме сауда көлемінің 80,5%-ы немесе 15 трлн теңге азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық тауарларға, 19,5%-ы немесе 3,6 трлн теңге азық-түлік тауарларына тиесілі.

Ресми дерек бойынша, көтерме сауданың  3,2% немесе 604,5 млрд теңге ауылдық жерлердің еншісінде.

Алғашқы он айдың қорытындысы бойынша көтерме сауданың ең үлкен бөлігі Алматыда жүзеге асқан: 8 трлн теңге, өткен жылға қарағанда 11,7% - ға аз. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан қаласы (2,8 трлн теңге) және Атырау облысы (1,8 трлн теңге).

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу