Жекпе-жектен алған жарақатынан соң көз жұмған Максим Дадашевтың қарсыласы Сабриэль Матиас сыйақысын алудан бас тартты, деп хабарлайды prosports.kz.
"Маған бұл чек қажет емес. Бұл Матиастың бірінші сөзі болды", – деді пуэрторикалық боксшының өкілі Фернандо Газтамбиде.
Айта кетейік, Дадашев пен Матиас арасындағы жекпе-жек 11 раундта тоқтатылған. Ресейлік боксшы айқасты жалғастыра алмай, рингтен шыққан соң бірден ауруханаға жеткізілді. Арада үш күн өткенде көз жұмды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу